21 августа 2026 жылы alem.ai жасанды интеллект (ЖИ) халықаралық орталығында AI'preneurs бағдарламасының төртінші легінің Demo Day іс-шарасы өтеді. Ол — Astana Hub-тың ЖИ-стартаптарына арналған жетекші акселерация бағдарламасы. 16 финалист инвесторлар мен экожүйе сарапшылары алдында питчтерін таныстырады.
Конкурстық іріктеу: 468 өтінім — 16 финалист
AI'preneurs бағдарламасының төртінші легіне 468 өтінім түсті. Founder Lab бағдарламасына 74 қатысушы қосылды. Олардың ішінен Core Accelerator кезеңі мен қорытынды Demo Day-ге 47 адам жетті, олар 16 стартап-командаға топтасты.
2026 жылы AI'preneurs бағдарламасы тұңғыш рет alem.ai негізінде өтеді. Қатысушылар тәулік бойы жұмыс істейтін коворкингке, өзге қалалардан келгендер үшін коливингке және alem.plus платформасында MVP әзірлеуге арналған есептеу ресурстарына қол жеткізді.
Бағдарлама қалай құрылған
Бағдарлама екі кезеңнен тұрады. Founder Lab кезеңі кәсіпкерлік ойлауды дамытуға, командалар құруға және перспективалы идеяларды іздеуге бағытталды. Core Accelerator кезеңінде командалар өнім мен бизнес-гипотезаларды тексеруге, MVP әзірлеуге, алғашқы клиенттермен жұмыс істеуге және алғашқы сатылымдарға шығуға назар аударды.
Бағдарлама аясында қатысушылар технологиялық компанияларды құру мен ауқымды деңгейде дамыту тәжірибесі бар кәсіпкерлер мен сарапшылармен жұмыс істеді. Шақырылған спикерлер қатарында — кәсіпкер, өнім дамыту жөніндегі маман, Product Heroes негізін салушы Илья Красинский, сондай-ақ Arbuz.kz, Aviata және Ticketon серіктес негізін салушысы Алексей Ли бар. Сонымен қатар қатысушылар халықаралық тәжірибесі бар кәсіпкерлер мен стартап негізін салушылармен, соның ішінде АҚШ нарығында жұмыс істеген және Y Combinator акселерациясынан өткендермен пікірлесу мүмкіндігіне ие болды.
Геологиялық зерттеуден білім беруге дейін: 16 финалист
Финалистер қатарында білім беру, мейрамхана бизнесі, геологиялық зерттеу, бизнес-іс-шаралар және операциялық процестерді автоматтандыру үшін ЖИ-шешімдер бар. Командалар өнімдерін нақты пайдаланушыларда тестілеп, алғашқы сатылымдарға шығып отыр.
QRown.AI — мейрамханалар мен кафелер үшін ЖИ-даяшысы бар ақылды QR-мәзір SaaS-платформасы. Қонақ үстелдегі QR-кодты сканерлейді, мәзірді үш тілде алады, тапсырысты рәсімдейді және оны онлайн төлейді, ал ЖИ-ассистент тағам таңдауға көмектеседі. Мекемелер үшін iiko жүйесімен интеграция, тағам сипаттамаларын автоматты түрде генерациялау, стоп-парақтарды басқару және сатылым аналитикасы қолжетімді. Команда alem.ai жанындағы ЖИ саласындағы peer-to-peer мектебі Tomorrow School қатысушыларынан құралды.
Six7 — НЗМ, БИЛ және басқа мамандандырылған мектептерге түсуге дайындалатын 4–6 сынып оқушылары үшін ЖИ-репетитор және математикадан бейімделген тренажёр. Платформа балалардың білім деңгейін талдап, жеке тапсырмалар қалыптастырады.
MYupgrade — бизнес-іс-шаралар үшін цифрлық шешімдер платформасы: қатысушыларды тіркеу мен Fast Track арқылы өтуін автоматтандыру, халықаралық қатысушылар үшін ЖИ-аудармашы және ұйымдастырушыларға арналған басқа құралдар. Бағдарлама аясында-ақ команда 5 млн теңгеге келісімшарт жасады, бұл акселерация аяқталмай тұрып өнімге деген сұранысты растады.
Barsum — отбасылық дамытуға арналған ЖИ-платформа: балалар кітап оқып, тапсырмалар орындап, ойын марапаттарын алады, ал ата-аналар прогресті бақылап, келесі оқуға ынталандырады.
Mineral Intelligence — тарихи геологиялық архивтерді цифрландыру және интеллектуалды талдау арқылы Қазақстан мен ТМД елдерінде геологиялық зерттеудің алғашқы кезеңдерін оптимизациялауға арналған ЖИ-платформа.
Uniqore.ai — бизнес-процестерді талдауға, шығындарды анықтауға және қолмен орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған шешім.
Siplinx AI — Google Meet, Zoom және Microsoft Teams кездесулерінде транскрипция жасауға және жазба құруға арналған ЖИ-құрал.
Tunely — өсіп келе жатқан офлайн-бизнестің операциялық процестерін басқаруға арналған ЖИ-шешім.
Қашан және қайда
Күні: 2026 жылғы 21 тамыз, сағат 16:00.
Мекенжайы: Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1, alem.ai. Кіру А. Мамбетов театры тарапынан.
Аккредитация бойынша байланыс: Диана, +7 702 254 00 99, pr@astanahub.com.
Похожие материалы
От AI-геологоразведки до цифрового официанта: 16 стартапов представят на Demo Day AI'preneurs в Астане
авг. 19, 2026
Бизнес ЖИ құнын есептеуді үйреніп жатыр: токен бағасынан нәтиже құнына қарай
авг. 18, 2026
Бизнес учится считать стоимость ИИ: от цены токена — к стоимости результата
авг. 18, 2026