«Шабуыл анатомиясы 2.0»: REAL DIGITAL сарапшылық сериясының жаңа кезеңі
REAL DIGITAL-тің «Шабуыл анатомиясы» сериясы жаңа кезеңге шықты. Серияның бас серіктесі — QazCloud.
Сарапшылық материалдарды QazCloud Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының (ҚҚО) аналитиктері дайындайды. Серияда нақты кибершабуылдар, қаскүнемдердің құралдары, цифрлық инфрақұрылымның осалдықтары және жасанды интеллект (ЖИ) дамуына байланысты жаңа қауіптер талданады.
Әр шығарылым — нақты шабуыл сценарийінің талдауы, қолданылатын технологиялар мен қорғаныс тетіктерінің түсіндірмесі.
REAL DIGITAL × QazCloud
«Шабуыл анатомиясы» глоссарийі | 8-шығарылым. Компанияға мердігер арқылы қалай шабуыл жасайды
Материалды QazCloud Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының аналитиктері дайындады
Жазда вымогательдер туралы шығарылымда жеткізу тізбегі арқылы жасалатын шабуылдарды талдауға уәде бергенбіз. Қарашада мұндай шабуылға француз банкі Crédit Mutuel Arkéa тап болды. Кіру нүктесі мердігердің платформасы болды, ал қауіп астында банктің өз шотындағы қаражат қалды. Crédit Mutuel Arkéa ықтимал шығынды шамамен 100 млн еуро деп бағалады.
Жеткізу тізбегі арқылы шабуыл (supply chain attack)
Қаскүнемдер компанияға оның өнімін немесе қызметін пайдаланатын жеткізуші арқылы жетеді. Жолдардың бірі — компания жүйелеріне қосылған мердігер платформасы.
Үшінші тараптың қолжетімдігі (third-party access)
Компания сыртқы серіктеске жұмыс істеу үшін беретін қолжетімдік. Мысалы, мердігер инженері серверге қызмет көрсету үшін кіреді, ал жеткізуші жүйесі деректер алмасу үшін тапсырыс берушінің жүйесіне қосылады.
Артықшылықты есептік жазба
Кеңейтілген құқықтары бар есептік жазба. Оның иесі жүйе баптауларын өзгерте алады немесе басқа пайдаланушыларға қолжетімдік бере алады. Мұндай жазбаны қаскүнем басып алса, оған да сол әрекеттер қолжетімді болады.
Ең аз құқық принципі (least privilege)
Мердігерге нақты тапсырма үшін қажетті құқықтар ғана беріледі. Мысалы, сервердің жұмыс жағдайын бақылайтын инженерге оның көрсеткіштерін көру жеткілікті. Баптауларды өзгерту құқығы бұл жағдайда артық.
Бәрі қалай болды
2026 жылғы 4 қарашада Crédit Mutuel Arkéa кибершабуыл туралы хабарлады. Банктің мәліметінше, қаскүнемдер оның жүйелеріне сыртқы мердігердің платформасы арқылы енген. Қолжетімдікке ие болған соң, олар банктің өз шотынан басқа қаржы ұйымдарына алаяқтық аударымдар жасаған.
Алаяқтық операцияларды байқаған банк аударымдардың бір бөлігін уақытша тоқтатты. Қаражаттың бір бөлігін бұғаттауға үлгерді. Клиенттердің қаражаты зардап шекпеді, бірақ кейбір төлемдер кідіріспен өтті.
Таңғалдыратын сан
Шамамен 21 сағат — Halborn талдауы бойынша, криптовалютаны биржалардан сыртқы әмияндарға шығару 1 және 2 қарашада осынша уақытқа созылған. Аналитиктер ұрланған қаражат қозғалысының осы кезеңін қадағалаған. Блокчейн-аналитик ZachXBT бағалауынша, банкке жасалған шабуылдың өзі бірнеше күнге созылған.
Қарапайым тілмен айтсақ
Компания мердігерді өз жүйелеріне қосқанда, бір сұрақ қою маңызды: осы қолжетімдікті бөтен адам пайдаланса, ол нақты не істей алады? Жауап серіктеске қандай құқық қалдыру керектігін және қандай операциялар бөлек растауды талап ету керектігін анықтауға көмектеседі.
Келесі шығарылымда қаскүнемдердің мақсаты басқаша — компания құжаттарында не сақталғанын білу. Инженер жай ғана жұмыс есебін ашқандай көрінсе, кибертыңшылықты қалай байқауға болады?
Похожие материалы
ЖИ қалтаңыздағы телефонды да қымбаттатып отыр. Смартфондар неге сәнге айналуда
нояб. 23, 2026
€25 млрд для европейского TikTok. Кто будет управлять лентой?
нояб. 23, 2026
Риман гипотезасын 167 жыл бойы дәлелдеуге тырысты. ЖИ көмегімен табылған дәлел бір тәулікте тексерілді
нояб. 22, 2026