, ноябрь 04, 2026

Бұлттық қауіпсіздіктің жаңа мүмкіндіктері: қосымшаларды қорғаудан деректер қауіпсіздігіне дейін


Yandex Cloud сарапшылары 17 қарашада Алматыда веб-қосымшalar мен API-ді қорғау, бұлттық инфрақұрылым мен AI-қосымшалардың қауіпсіздігін талқылайды. Хедлайнер — External Key Store (XKS).

  •   1 мин оқу
Бұлттық қауіпсіздіктің жаңа мүмкіндіктері: қосымшаларды қорғаудан деректер қауіпсіздігіне дейін

Мазмұны

17 қарашада Yandex Cloud сарапшылары веб-қосымшалар мен API-ді қорғау, бұлттық инфрақұрылым мен AI-қосымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын талқылайды. Сондай-ақ криптографиялық кілттерді басқару, деректерге бақылауды сақтау және қауіпсіздік талаптары мен реттеуші органдардың нормаларын орындау мәселелеріне тоқталады.

Бағдарламаның басты тақырыбы — шифрлау кілттерін басқаруға арналған External Key Store (XKS) шешімі. Оның ерекшелігі — криптографиялық кілттерді ұйымның өз инфрақұрылымында сақтап, басқаруға мүмкіндік беруі. Бұл, әсіресе, ақпараттық қауіпсіздік талаптары жоғары және реттеуші нормаларды қатаң сақтауға міндетті банктер, микроқаржы ұйымдары мен финтех-компаниялар үшін өзекті.

Іс-шара CIO және CTO, CISO, ақпараттық қауіпсіздік мамандары, бұлттық архитектура мамандары, DevOps және SRE инженерлері, сондай-ақ әзірлеу және AI-командаларының жетекшілеріне арналған.

Іс-шара бағдарламасымен мына сілтеме арқылы танысып, қатысуға тіркелуге болады.

📍 Өтетін орны: Yandex Qazaqstan кеңсесі (Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 11/1).

Похожие материалы

↑